Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді
ашық дереккөзі
Алматы қаласында кәсіпқой бокс кеші өтті, оның қатысушыларының бірі қазақстандық боксшы Диас Тастеміров (4-0, 4 КО) болды, – деп жазды Sports.kz. Тастеміровтің қарсыласы дебютант, Беларусь елінің боксшысы Артем Шеверов болған. Суперорташа салмақтағы жекпе-жек Диас Тастеміровтің бірінші раундтың өзінде-ақ техникалық нокаутымен аяқталды. Нокауттың алдында рефери Шеверовқа нокдаун есептеген. Осылайша, 29 жастағы қазақстандық боксшы кәсіби алаңда өткізген бесінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Атап өтсек, оның бес айқасының барлығы нокаутпен аяқталған. Тастеміров үшін бұл 2020 жылы өткен бірінші жекпе-жек болды. Артем Шеверов болса, өзінің кәсіби мансабын жеңілістен бастады.