Қаланы абаттандыру – әрбір азаматтың міндеті

Қаланы абаттандыру – әрбір азаматтың міндеті

Қаланы абаттандыру – әрбір азаматтың міндеті
ашық дереккөзі
Сенбілік ұғымы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоғам назарын қала көшелерінде тазалықты сақтауға және экология проблемаларына көңіл аударуға үлкен маңызға ие. Өйткені, қаланың тазалығы, жалпы экосфера толығымен тұрғындарға байланысты. Осындай ұранмен бүгін еліміздің 4 өңірінде, атап айтсақ Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласында жасотандықтар қала аумағын абаттандыру және тазалау мақсатында сенбілік ұйымдастырды. Акцияға 250-ден астам жасотандық белсенді жастар және қала тұрғындары қатысты. Қатысушылар арнайы құралдар (күрек, тырма), қолғаптармен және қоқысқа арналған қаптармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, карантиндік шараларға байланысты қатысушылар әлеуметтік қашықтықты және маскалық режимінің барлық нормаларын қатаң сақтады. Жасотандықтар эко-акция аясында қала аумағындағы көшелерде, тротуарларда және мөлтек аудандарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұдан басқа, нөсер желілері, арықтар тазартылды, Саябақтар мен скверлерде жасыл желектерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар жүргізілді, рұқсат етілмеген қоқыс орындары мен ластанған учаскелер жойылды. Мәселен, Jas Otan ЖҚ Қызылорда облыстық филиалы Бегім ана көшесіндегі «Аналар аллеясы» демалыс саябағында сенбілік ұйымдастырды. Ал Алматы жастары Сайрам көлінің жағалауын тазартуға өз үлестерін қосты. Жасотандықтар бұл шара арқылы қала тұрғындары мен қонақтарын табиғатқа ұқыпты қарауға шақырады. – Экологиялық сенбілік өзінің тікелей міндетінен басқа тағы бір маңызды міндетті орындайды. Ол нақты әрекет ететін, қалаға жаңашырлықпен қарайтын барлық адамдарды біріктіреді. Олардың ұраны: «Бұл менің қалам. Мен оны таза және жасыл етемін!». Бұл істе қаламыздың келбетін жақсартуға өз үлесін қосатын жастардың көп болуы қуантады, – деді Jas Otan ЖҚ Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі Уалихан Болатбек. Ол сондай-ақ бұл үнемі тұрақты негізде ұйымдастырылатынын атап өтті.