Карантин: жабық базарлардың жұмысы тоқтатылады

Карантин: жабық базарлардың жұмысы тоқтатылады

Карантин: жабық базарлардың жұмысы тоқтатылады
ашық дереккөзі
Қарағанды облысында карантиндік шектеу шараларына өзгерістер енгізілді. Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 17 қазандағы №39-қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Оған сәйкес, жексенбі және мереке күндері 2000 және одан артық шаршы метрді аумақты қамтитын сауда нысандарының, сауда, ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтатылады. Алайда, бұл нысандарда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханалар жұмысын жалғастырады. Азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының жұмысы тоқтатылады. Ал сенбі күндері сауда үйлерінің, сауда, ойын-сауық орталықтарының (оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттерін және дәріханаларды қоспағанда) жұмысына толымдығы 30 пайыз, сондай-ақ бір келушіге 4 шаршы метр аумақ талабын сақтаған жағдайда, сағат 17:00-ге дейін рұқсат етіледі. Сонымен қатар, азық-түліктік әрі азық-түліктік емес жабық базарлар сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл ретте, нысан толымдығын 30 пайыздан асырмау, 1 келушіге 4 шаршы метр аумақ талабы сақталуы қажет. Құжаттың толық нұсқасы.