Елордада студенттік өзін-өзі басқару мәселелері талқыланды

Елордада студенттік өзін-өзі басқару мәселелері талқыланды

Елордада студенттік өзін-өзі басқару мәселелері талқыланды
ашық дереккөзі

Бүгін М.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ университетінде елордалық ЖОО мен колледждерінің Жастар ісі жөніндегі комитет көшбасшыларының кездесуі өтті.

Кездесу барысында белсенділер университеттер арасындағы А14 және колледж арасындағы А35 студент жастары бірлестіктерінің жұмысын жандандыруды ұсынды. Коллаборативтік жұмыстың негізгімақсаты – ЖОО мен колледждер арасындағыкоммуникацияны жетілдіру, сондай-ақ,студенттердің жатақхана, тамақтану және бос уақыттарын ұйымдастыру сынды мәселелерін бірлесіп шешу.

Студенттік көшбасшылар қаланың кейбір оқу орындарында оқу құнының артуына байланысты алаңдаушылық білдірді. Олар сондай-ақ, ЖОО студенттері үшін қашықтықтан оқыту бағасын төмендету қажет екенін айттыСебебі қазіргі таңда кейбір мамандықтардың бағасы күндізгі бөлім бағаларымен бірдей.

Сонымен қатар, жас көшбасшылардың барлық ұсыныстары «Jas Otan» ЖҚ-ның 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасында ескеріліп, көрініс табады. Олар білім беру ұйымдары тарапынан студент-еріктілерді қолдау жүйесін құрустуденттік өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін қабылдау, жоғары оқуорындары мен колледж жанындағы студенттік ұйымдарды оқу ұйымдарының кірістері есебінен қаржыландыруды қамтамасыз ету.

«Jas Otan» жетекшісі Елнұр Бейсенбаев атап өткендей пандемия кезінде қаланың бірқатар ЖОО мен колледж студенттері қиындықтарға қарамастан, еріктілер қатарына бірінші болып қосылды.

«Пандемия біздің студенттеріміздің еңбекқор екенін көрсетті. Барлық қиындықтарға қарамастан, олар азық-түлік себеттерін дайындап, тасымалдады, медициналық маскалар таратты. Нәтижесінде өз жанқияр қызметі үшін олар Елбасының алғыс хаттарымен марапатталды», – деп мәлімдеді Елнұр Бейсенбаев.

«Jas Otan» ЖҚ елордалық филиалының жетекшісі Б.Жанділдаев «Nur Otan»партиясының елордалық филиалы жанынан Жастар ісі жөніндегі эксперттік кеңестің құрылғаны жайлы мәлімдеді. Оның құрамына қаланың оқу орындарының және уәкілетті органдардың өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары мен студент көшбасшылар кіреді. Кеңестің алғашқы отырысы келесі аптада өтеді деп жоспарлануда.

Тараптар одан әрі ынтымақтастық пен өзара тиімді нәтижелі жұмысқа сенім білдірді.