«Алтын алқа» иегері атанды

«Алтын алқа» иегері атанды

«Алтын алқа» иегері атанды
ашық дереккөзі
946

«Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ» дейді орыс ғұламасы Белинский. Расында да, осынау кіршіксіз пенденің орны қашанда биік тұрады. Оларға деген құрметіміз жоғары. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар да аз емес. Жуықта Бестерек ауылының тұрғыны, Ғадас Салықов атындағы негізгі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш сыныптың мұғалімі  Семей Шаку  мен Мамай батыр ауылының тұрғыны 7 баланың анасы Алтынгүл Абылайхан «Алтын алқа» иегері атанды.  

Қуанышты жаңалықты бірге бөліскен Аблакет ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Дәулет Баймұратов Алтын құрсақты аналарға «Алтын алқаны» табыс етті.

«Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүре беріңіздер», – деді құттықтау сөзінде Аблакет ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Дәулет Баймұратов.

– Мен үшін балаларымның күлгені, отбасымызға шаттық сыйлағаны өте бағалы. Ал еліміздегі аналарға көрсетіліп келе жатқан құрметке шексіз ризамын. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Моңғолиядан  елім, жерім деп алғашқылардың бірі болып, Қазақстанға қоныс аударып келдік.  Атамекенге келіп, көптен күткен армандарымызға қол жеткіздік. Өскемен қаласындағы  педагогикалық колледжді 5 жыл оқып бітірдім. Қазіргі  таңда мамандығыма сай Ғадас Салықов атындағы негізгі мектепте қызмет етіп, шәкірттеріме сапалы білім, саналы тәрбие беруге тырысып келемін. Балаларымның болашағы Қазақстанмен тығыз байланыста болғанына қатты қуанамын. 7 құрсақ көте­ріп, «Алтын алқа» иегері атанып, Қазақстанның санын көбейтуге үлесімізді қосып жатқанымызға қуаныштымыз. Қазақта нақыл сөз бар ғой, «Әр баланың өз несібесі бар» деген. Балаларымыз аман-есен өсе берсін, – дейді Семей Шаку.

Алтын құрсақты жандар мемлекет қамқорлығына риза­шы­лығын айтып,  ақ тілегін жеткізді.

Болашағын ойлайтын мемлекет, ең алдымен, әйелдерге құр­мет көрсетуі тиіс. Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тап­сыр­масы бойынша ауданда көпбалалы отбасыларымызға айрықша на­зар аударылып отыр. Баспанаға мұқтаж көпбалалы отба­сылар­ға қолдау көрсетіліп, баспана мәселелері де оң шешімін тауып келеді. Жүрегі жомарт, қайырымды,  іскер кәсіпкерлердің демеушілігімен ауданда бірнеше көпбалалы отбасы баспаналы бол­ды.

Эльмира АХМЕТОВА

Серіктес жаңалықтары