Аралас неке

Сондай-ақ!

Данияр Елеусінов әлем чемпионы Джулиус Индонгоны нокдаунға түсірді

Бүгін қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) жартылай орта салмақтағы IBF Intercontinental бос белбеуі үшін бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО)...

Моншадан шыққан өрт көршілес үйге, дәмхана мен дүкенге жайылған

Таразда моншадан шыққан өрт жапсарлас үйге, дәмхана мен дүкенге дейін жайылған. Кеше Тараз қаласындағы Қойгелді көшедегі жеке үйдің аумағында орналасқан моншаның шатыры өртенді. «Өрт тұрғын үйдің...

«Қызыл аймақ». Шығыс Қазақстанда індет күннен-күнге өршіп барады

Қазақстанда өткен тәулікте 826 адамнан коронавирус індеті анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Ресми портал ұсынған дерекке сүйенсек, республика бойынша қауіпті «қызыл аймақ» санатындағы өңір Шығыс Қазақстан облысы...

Жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған қыз қамауға алынбайтын болды

Батыс Қазақстан облысында жаңа туған сәбидің өліміне кінәлі жас ана қамауға алынбайтын болды. Бұл туралы аймақтағы Полиция департаменті хабарлады деп жазады Tengrinews.kz. тілшісі. Колледжде оқитын...

Қазақ ежелден тәубәшіл халық. Тәртіпке, билердің, отағасының  айтқан сөз­деріне иіліп мойынсұнатын жұрт болдық. Ерте заманнан әдет-ғұр­пымыз, салт-санамыз, тіліміз, діліміз  мызғымас ел едік. Қазақ қоғамының шыр­қы кеңес заманынан бері бұзылды.

«Ура, ура, қызыл, кеңес, партия» деп ұрандап өскен ұрпақ өткен тарихымызды мансұқтады, «эмансипация» деген желеумен әйел еркекке бағынбай кетті. Соның  бір парасы – аралас немесе ұлтаралық  неке деген салт шықты. Әрине, өмірдің қалтарыс-бұлтарыстарымен алғашында Алаш сер­келері (Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы) басқа ұлт өкіліне үйленуге мәжбүр болды. Мұның тағы бір себебі сол тұстағы қара таяқтарға (интеллигенция) еуро­паша оқыған, өздерімен пікірлесе алатын қыздар керек еді. Ұлы Мұхтар Әуе­зовтің де Валентина Николаевнаға үйленгені осы себептен. Одан бетер осы дәс­түр жалғасын тауып, екінші жаһандық соғыс, соғыстан кейінгі  жылдары тіп­ті өршіп кетті.

Қазіргі кезде тіптен сорақы. Кейінгі 10 жылғы санақ бойынша қазақ­тың 41 000 ер азаматы, 30 000 әйел заты өзге ұлт өкілдеріне үйленген. Солардың ішін­де 70-і қытаймен (бұл цифрды пы­сықтау керек, өйткені шын мәнінде одан көп), 1100-і ресейлікпен тұрмыс құрған. Былтыр ғана Қазақстанда 144 мың жас жұбай шаңырақ көтерген, олардың 8300-і аралас.

Кейінгі санақтарға жүгінсек, елімізде 20 пайыз ұлтаралық некелесу бе­лең алып отыр. Бұл көрсеткіш арта бере­тіні сөзсіз, өйткені мемлекетіміз басынан бастап дұрыс идеология, патриоттық се­зімді ұстанған жоқ. Шынын айтса, 30 жыл бойы қарын қамымен жүрдік. Бай-бағ­ланымыз болса елді емес, мақтана байып-шіруді көксеп ойлады. Шенеуніктердің басым көпшілігі орысша ойлап, орысша сөйлейді. Одан бетер феминизм деген бәле шығып, әйел қауымы еркектің төбесіне шығып кетті…

Сөйтіп, аралас некеден ұлтымызға пай­да шамалы. Бірен-сарандары ға­на қазаққа жаны ашып бала тәрбиелейді. Мәселен, Ахаңның жары атын мұсылман­шаға Бадрисафа деп өзгертіп, намазға жығылған, балалары қазақ тілінде тәлім алған. Ал, қазір бөтен елдік келіндер мен күйеу балалардың көбісі қазақты менсініп тұр­ған жоқ. Біраз ұлтаралық отбасылар шет елдерге көшіп кеткен.

Сонымен не істеу керек?

Алдымен отбасылық институт дәре­жесін көтерген жөн. Көпба­лалы отбасыларды құрметтеп марапат­тауы­мыз керек. Бала санына қарай жәрдемақы мөлшерін мейлінше арттырса жөн болар еді. Келін институтын жандандыру қажет, әйтпесе қалаларда тікбақай келіндер қап­тап кетті. Бәрі анаға байланысты. Мен былтыр Алматы шаһарында бір отбасының салтанатына қатысқамын. Сонда деймін-ау, үлкендерінен бастап отбасының түгелге жуығы орысша шүлдірлеп жүрді (енді кеңес­тік кезеңдегі жағдай, сол тұстағы аста­намыз Алматыда жалғыз-ақ мектеп бол­ды ғой, соның өзі малшылардың ба­лаларына арналған еді). Содан бір мезет құлақ салып едім, бір 2 жастағы қыз бала қа­зақша сайрап кеткені. Сондай қуан­ғаным-ай десеңізші! Сөйтсем, әлгі сәбидің ана­сы қазақы тәрбие көрген шығыс­қазақ­стандық келін екен.  Сондықтан баланың тәрбиесі анасынан. Мың жерден қазақ бала бақшасына берсек те, үйде тәрбиені ең алдымен анасынан алады. Орысша мияулағаннан барып бала дүбара күйге түседі де, есейе келе бөтен елдің азаматы­ның құшағына енеді…

Содан кейін Қытайдан, Моңғо­лия­дан, Қарақалпақстаннан келетін қазақ санын көбейткен дұрыс. Олар өз тарихи отанына көшіп келіп, біздің дүбара боп кеткен жеткіншектерді қазақшылыққа бет бұрғызып түзейді. Мына нәубет болған ковид деген көк иттен құтылсақ, келер жылы шетелден көшіп келетін квотаны арттырсақ құба-құп.

Лайым, қазағымның саны көбейіп, аспанымыз жарқырай түссін! Әумин!

Бақытжан Тобаяқ,

Мәдениет қайраткері,

Ә.Бөкейхан атындағы сыйлықтың лауреаты

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

ДДҰ Еуропа халқын босаңсымауға шақырды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа елдерін желтоқсан айындағы мерекелер қарсаңында босаңсымауға шақырды. «Еуропаның...
жекпе-жек

Майк Тайсон мен Рой Джонс тең түсті. Екі боксшы да нәтижемен келіспейді

Лос-Анжелесте өткен аты аңызға айналған боксерлер Майк Тайсон мен Рой Джонстың арасындағы...
Хабиб Нұрмагомедов

Хабиб Нұрмагомедов құрамында қазақстандық чемпион күресетін промоушнды сатып алды

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нұрмагомедов Gorilla Fighting Championship (GFC)  промоушнын сатып...
ер адам тіріліп кеткен

Туыстары өлді деп мәйітханаға апарып тастаған ер адам тіріліп кеткен

Кенияда мәйітханада жатқан ер адам тіріліп кеткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Питер...
ауыр атлет

20 жастағы қазақстандық Илья Ильиннің рекордын жаңартты

Қарағанды облысының тумасы, 20 жастағы ауыр атлет Артем Антропов жұлқа көтеру бойынша...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...