Президент «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

Сондай-ақ!

Дариға Назарбаева Мәжіліс депутаттығына үміткер болды

Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде мәжіліс депутаттығына 126 кандидат бекітілді. Олардың 49-ы Орталық партиялық квота бойынша үміткер болды. Мәжіліс депутаттығына орталық партиялық квота...

Украиналық шенеуніктер Қазақстанға жалған ПТР-анықтамамен келіп, Асқар Маминмен кездеспек болды

Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий мен елшісі Петр Врублевский Қазақстанға коронавирусқа шалдықпағаны туралы жалған анықтамамен келген. Бұл туралы «Комсомольская правда Казахстан» жазды. Украиналық шенеуніктер...

«Матаның даңқымен бөз өтеді». Журналистер партияға сайлау кезінде ғана қажет пе?

Парламент сайлауы өтетін күн жақындаған сайын саяси партияларға «жан бітіп», жекелеген тұлғалардың белсенділігі арта түсетініне етіміз үйренген. Әсіресе, қазіргі  сайлауалды уақыт қызық. Саяси партиялардың...

Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Elbasy.kz. Кездесуде Елбасы пандемия жағдайында халықтың әлеуметтік әлсіз топтары мен шағын және орта бизнес...

Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс форматында «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда

Кездесу барысында «Шеврон» компаниясының Қазақстанмен арадағы өзара іс-қимылдардың перспективасы, әлі жалғасып жатқан COVID-19 пандемиясы жағдайында көмірсутегі секторындағы бірқатар жобаны іске асыру мәселелері, сондай-ақ, әлемдік энергетика нарығының ахуалы талқыланды.

Мемлекет басшысы «Шеврон» компаниясымен ынтымақтастықты және оның Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

– «Шеврон» компаниясы Теңіз және Қарашығанақ мұнай-газ секторындағы ірі жобаларды іске асыруда сенімді серіктес ретінде еліміздің энергетика нарығында өте белсенді қызмет атқаруда. Өкінішке қарай, коронавирус пандемиясы мұнай және газ индустриясына кері әсері етіп, мұнайға деген сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе теңдікті бұзды және оның бағасын төмендетті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент 2022 жылға қарай Теңіз кен орнындағы өндіріс қуатын кеңейту жөніндегі жобаларды уақытылы іске қосу Қазақстан үшін маңызды екенін айтты. Мемлекет басшысы компанияның жобаны іске асыру қызметін құптап, бірқатар міндеттердің мерзімінен бұрын орындалып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар коронавирус пандемиясына қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы коронавирус инфекциясын жаппай жұқтырудың алдын алу бойынша жоғары деңгейде үйлестірілген жұмысы және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырғаны үшін «Теңізшевройл» компаниясына ризашылығын білдірді. Президент Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігіне жалпы құны 20 миллион АҚШ доллары болатын медициналық бұйымдарды, дәрі-дәрмектер мен қорғаныш құралдарын бергені, шетелдік дәрігерлер мен эпидемиологтардың елімізге келуін ұйымдастырғаны, сондай-ақ, Құлсары қаласында 200 орындық инфекциялық аурухана құрылысын қаржыландырғаны үшін Майкл Уиртке алғыс айтты.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Теңіздегі жобаларды іске асыруда қазақстандық үлесті қамтамасыз етудің маңызды екеніне назар аударды. Бұл ретте, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру барысында Жергілікті үлес қорын құру жағын қарастыруды ұсынды.

Мемлекет басшысы Қарашығанақ мұнай кен орнын игеру мәселелеріне тоқталып, аталған жобаны уақытылы іске асыруды қамтамасыз ету және жылына мұнай өндіру көлемін 10-11 миллион тонна мөлшерінде ұстап тұру қажеттігін атап өтті.

Майкл Уирт 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Нұр-Сұлтан және Нью-Йорк қалаларында әңгімелескен сәттерін еске алып, кездесуге тағы да мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

– Біздің көп жылғы әріптестігімізді жоғары бағалаймын. Қазақстан – біз үшін ерекше ел және компаниямыздың жұмысындағы аса маңызды бағыт. Сондықтан біз Қазақстанның энергетика саласындағы, атап айтқанда, Теңіз және Қарашығанақ кен орындарындағы өзара іс-қимылдарды жалғастыруға ниеттіміз. Қазақстан – мұнай-газ ресурстары бар керемет ел және біз түрлі жобаларды іске асыруда еліңіздің сенімді серіктесі болғанымызға қуаныштымыз, – деді «Шеврон» компаниясының атқарушы директоры.

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Елбасының көшбасшылық жолы

Елімізде 2011 жылдан бері 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні атап өтілетіні белгілі. Осыған...

Қазақстан-Моңғол үкіметаралық комиссиясының 8-отырысы өтті

Қазақстан-Моңғол үкіметаралық комиссиясының 8-отырысы онлайн режимде өтті Комиссияны Қазақстан жақтан Сауда және интеграция...

Қосшы ауылы елордаға қашан қосылатыны белгілі болды

Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаев Қосшы ауылының елорда аумағына қосылуы мүмкіндігіне қатысты...

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанның өткені мен келешегі туралы «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді

«Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмі Елбасы Н.Назарбаевтың «Qazaqstan» республикалық телерадиокорпорациясының...

Алматылық оқушылардың арасында коронавирус неге өршіді – Бекшин түсіндірді

Алматыда оқу жылы басталғалы 115 оқушы коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 109  бала...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...