2025 жылға дейін 85 миллионға жуық жұмыс орны жабылады

2025 жылға дейін 85 миллионға жуық жұмыс орны жабылады

2025 жылға дейін 85 миллионға жуық жұмыс орны жабылады
ашық дереккөзі
50552
Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) «Future of Jobs Report 2020» атты баяндамасында пандемия салдарынан алдағы бес жылда  дамыған және дамушы елдерде 85 миллионға жуық жұмыс орны жабылады деп мәлімделген. Аталған баяндама 300 ірі және орта компаниялардың топ-менеджерлері арасында жүргізілген сауалнамаға негізделген. Сауалнамаға қатысқан компания өкілдерінің 43%-ы жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты алдағы уақытта қызметкерлер санын қысқартатынын айтса, ал 34%-ы жаңа технологияларды қолдануды үйрете отыра, мамандар санын көбейтуі мүмкін екендерін алға тартады. Десек те, зерттеу жүргізушілердің пікірінше, бес жыл ішінде адамдар, машина және алгоритмдер арасындағы жаңа бөлісінс түріне бейімделген  97 миллионға жуық жұмыс орны пайда болуы ықтимал, сондай-ақ қызметкерлердің 40%-ы небәрі алты айдың ішінде жаңа технологияларды оңай меңгеруіп алуы мүмкін. ДЭФ-тің зерттеуінше 2025 жылға дейін жарамсыз саналатын жұмыстар: Мәліметтерді енгізу операторы Әкімшілік және атқарушы хатшы Бухгалтер Аудитор Құрастыру цехы және фабрика қызметкері Коммерция жөніндегі қызметкер Клиентке қызмет көрсетумен айналысатын қызметкер Механиктер және көлік жөндеушілер Материалды және қорды есепке тіркеуге жауапты қызметкер ДЭФ-тің зерттеуінше 2025 жылға дейін үлкен сұраныста болуы мүмкін мамандар: Мәліметтерге талдау жүргізу Жаңа механизм түрлерін басқару Big data-ны зерттеу Цифрлық маркетинг және стратегия Процесстерді автоматтандыру Бизнесті көркейту Цифрлық форматқа ауысқан механихмдерді игеру Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі аналитик Бағдарлама жасақтаушы және мобильді қосымша әзірлеуші Интернет арқылы өнеркәсіп орындарындағы құрал-жабдықтарды бақылау жүйесі

Серіктес жаңалықтары