«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен үй алмақ болған маманнан пара алған әкімдік қызметкері сотталды

«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен үй алмақ болған маманнан пара алған әкімдік қызметкері сотталды

«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен үй алмақ болған маманнан пара алған әкімдік қызметкері сотталды
ашық дереккөзі
440
Түркістан облысында Сарыағаш ауданының қаржы бөлімінің бас маманы «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға ақша қаражатын бөлу туралы оң қорытынды шығарғаны үшін жергілікті тұрғыннан 350 мың теңге көлемінде пара алған. Бұл туралы онлайн брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов мәлімеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Түркістан облысында Сарыағаш ауданының қаржы бөлімінің бас маманы Қараманов сотталды. Ол «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға ақша қаражатын бөлу туралы оң қорытынды шығарғаны үшін жергілікті тұрғыннан 350 мың теңге көлемінде пара алды», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов. Сондай-ақ, Алматы қаласында пара алғаны үшін 5 полиция қызметкері әшкереленген. «Заңсыз сыйақыларды негізінен олар әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны, карантиндік бекет арқылы кедергісіз өткені үшін алған», - дейді ол.  

Серіктес жаңалықтары