Тойға полицейдің формасын киіп барған асаба жазаланады (видео)

Тойға полицейдің формасын киіп барған асаба жазаланады (видео)

Тойға полицейдің формасын киіп барған асаба жазаланады (видео)
ашық дереккөзі
233
Ішкі істер органдары тойға полицейдің формасын киіп келген тамаданың жазаға тартылатынын мәлімдеді, деп хабарлады Polisia.kz. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде киіз үйдің ішінде өтіп жатқан тойдың видеосы кеңінен тарап жатыр. Полицейдің формасын киген тамада тексеріспен келген адам ұқсап кіріп келеді де, біршама уақыт халықтың зәресін алып тұрады. Той иелерін де шақырады. Бірақ артынан әзіл-қалжың екенін айтады. Ішкі істер органдары тойдың өткен жерін және бейнежазбадағы асабаның кім екенін анықтады. Полиция қызметкерлері әзіл мен пародияға және сындарлы сынға түсіністікпен қарайтынын атап өткен Қарағанды облыстық полициясының баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков, мұндай бейнежазбалар ішкі істер органы қызметкерлері мен санитарлық дәрігерлердің коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бағытында атқарып жатқан жұмыстарын жоққа шығарады деп санайтынын жеткізді. "Сондықтан да нысанды киім киген асаба, той иелеріне заңдылықты бұзуға септігін тигізген осындай қылығымен барлық полиция қызметкерлерінің беделін түсірді", – дейді ол. Қазіргі уақытта "жалған полицейді" Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабы "айырым белгілері мен нышаны бар әскери киім нысанын, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру (пайдалану)" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр. "Ал той иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425- бабына сәйкес жиналған материал шешім қабылдау үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді", – деп атап көрсетті Сембеков.

Серіктес жаңалықтары