Екі полицей мерт болған жол апатына қатысты тың деректер жарияланды

Екі полицей мерт болған жол апатына қатысты тың деректер жарияланды

Екі полицей мерт болған жол апатына қатысты тың деректер жарияланды
ашық дереккөзі
266
Екі полиция қызметкері қайтыс болған жол-көлік оқиғасына кінәлі мас күйінде болған, бұл факт медициналық сараптамамен расталды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.  Сот-химиялық және токсикологиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес қызметтік автокөлікпен соқтығысқан Lexus автокөлігінің жүргізушісі орташа дәрежеде мас болғаны анықталды. Осыған байланысты, қылмыстық іс Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 346-бабының 6-бөлігіне "Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік мас күйінде болған адамның көлік құралын басқаруы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыру" тармағы бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бап сегіз жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Көлікте екі жолаушы болғаны анықталды, олар да мас болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан олар жарақат алып, қазір ауруханада жатыр.  

Серіктес жаңалықтары