223
Елорда әуежайынан 4 адам депортацияланды
Елорда әуежайынан 4 адам депортацияланды
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына өткен тәулікте 573 жолаушы ұшып келіп, оның 132-сі карантин стационарына жатқызылды.
«Бір тәуліктің ішінде Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына Air Astana, Turkish Airlines, Belavia және Flydubai әуекомпанияларының 5 ұшағы қонды. Бортта экипаж мүшелерін қоса есептегенде 573 жолаушы болды. 132 жолаушыда ПТР-тестілеу анықтамасы болмағандықтан карантин стационарына орналастырылды. 4 жолаушы депортацияланды», - деп хабарлайды Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан.
Айта кетейік, күн сайын елордаға шетелден ұшып келген 100-ден аса жолаушы карантин стационарына жатқызылуда. Күні кеше астанаға 789 адам ұшып келіп, ПТР-тест анықтамасы болмағандықтан оның ішінде 150-і карантинге жатқызылған еді.