329
Таяу жылдары туберкулезден болатын өлім-жітім артады – ДДСҰ
Таяу жылдары туберкулезден болатын өлім-жітім артады – ДДСҰ
Таяу жылдары әлемде туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші күрт өсуі мүмкін. ДДСҰ мамандарының пікірінше, бұған коронавирус пандемиясынан туындаған дағдарыстар себеп болмақ.
Коронавирустың таралуын тежеу мақсатында енгізілген шектеулерге байланысты 2020 жылдың бірінші жартысында туберкулездің жаңа жағдайлары туралы есеп беру мен бақылау едәуір төмендеген.
ДДСҰ есебіне сүйенсек, әлемдегі туберкулезге шалдығу көрсеткіші жоғары елдердің қатарына кіретін Үндістан, Индонезия және Филиппин елдерінен 2020 жылдың алты айындағы жағдай туралы хабарламалар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25-30 пайызға азайған.
Ұйым сарапшыларының тұжырымынша, ауру жағдайлары туралы хабарламалар санының мұндай азаюы туберкулезден қосымша өлімнің күрт өсуіне әкелуі мүмкін.
2018-2019 жылдар аралығында шамамен 14 миллион адам туберкулезден емделген, бірақ бұл 2022 жылға дейін емделуге үміттенген 40 миллионның үштен бірі ғана. ДДСҰ мәліметтері бойынша, науқастардың шамамен 85 пайызын алты ай бойы дәрі-дәрмекпен емдеп, оңалтуға болады. 2000 жылдан бастап туберкулезді емдеу арқылы 60 миллионнан астам адамның өмірі құтқарылған.