Ресейде лаңкестер билік ғимараттарын жарып жібермек болған

Ресейде лаңкестер билік ғимараттарын жарып жібермек болған

Ресейде лаңкестер билік ғимараттарын жарып жібермек болған
ашық дереккөзі
304
Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі мемлекетте тыйым салынған «Катиба Таухид валь-Джихад» халықаралық террористік ұйымының екі мүшесінің көзін жойды, деп хабарлайды ТАСС. Лаңкестер Волгоградта террористік акт жасамақ болған. Ресей ФҚҚ-ның Қоғаммен байланыс орталығының хабарлауынша, террористердің қызметі Сирия аумағынан басқарылған. Олар «билік ғимараттарына, әскери қызметшілердің тұрғылықты жерлеріне және жарылыс-өрт қаупі бар кәсіпорындарға» шабуыл жасауға әрекеттенген. «Ұстау операциясы барысында ұйым басшысы мен оның сыбайласы Ресей ФҚҚ қызметкерлеріне қаруды пайдалана отырып, қарсылық білдіргеннен кейін олардың көзі жойылды», - делінген ақпаратта. Сондай-ақ, Федералдық қауіпсіздік қызметі оқиға орнынан Волгоград картасын тапты. Онда жоспарланған террористік шабуылдардың орны көрсетілген. Картада белгіленген белгілерге сүйенсек,  лаңкестер «Отан Ана» монументінің жанында шабуыл ұйымдастыруды көздеген.  

Серіктес жаңалықтары