309
Каспий жағалауы бес күннен бері өртеніп жатыр
Каспий жағалауы бес күннен бері өртеніп жатыр
Атырау облысында бес тәуліктен бері қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта өртену ошақтарын жою бойынша күшейтілген шаралар жүргізілуде. Түтінге қарамастан, елді мекендерге қауіп жоқ.
«15 қазанда таңертеңнен бері өртті жоюға «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-171 тікұшағы жұмылдырылды. Екі күн ішінде тікұшақ 66 тонна көлемінде 22 рет су шашты. Сонымен қатар, облыстық ТЖД-ның жеке құрамынан 55 адам жұмылдырылды. Өртті сөндіру батпақты жермен және өсімдіктердің қалың өсуімен ушықты, осыған байланысты техниканың баруы қиындады. Өртті сөндіру аспалы өрт сөндіргіштер мен шартылдақтардың көмегімен жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні өртенген жердің жалпы ауданы 1,5 гектарды құрайды, оның 1,2 гектары сөндірілді. Шамамен 0,3 гектар жерде өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта өрт теңізге жылжып барады», - делінген хабарламада.
«Қазавиақұтқару» АҚ «МИ-171» тікұшағы әуеден жану ошақтарын сөндіру үшін су шашу құрылғысы көмегімен 15 рет су шашты. Кешке 1 га алаңда бірінші жану ошағы сөндірілді, 0,8 га алаңда екінші жану ошағы сөндірілді.
Оқиға орнында өртті сөндіру және байланысты ұйымдастыру үшін командалық-штабтық машина орнатылды.
Жұмылдырылған жеке құрам үшін қауіпсіз қашықтықта тамақтануға және түнеуге арналған шатырлар тігілді.