300
Алматы мәйітханасының директоры қамауға алынды
Алматы мәйітханасының директоры қамауға алынды
Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Қалалық патологоанатомиялық бюросы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қамауға алынды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қалалық прокуратурасының келісімі бойынша «Қалалық патологоанатомиялық бюро» КМК директорын ұстады. Ол кәсіпкерден қалада салынып жатқан патологоанатомиялық бюроны медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету туралы қабылдау-тапсыру актілеріне қол қою үшін кәсіпкерден 14 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді», – деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметінен.
Күдікті Алматы қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.