Мақтааралда жылына 6 мың тонна жіп өндіретін фабрика іске қосылады

Мақтааралда жылына 6 мың тонна жіп өндіретін фабрика іске қосылады

Мақтааралда жылына 6 мың тонна жіп өндіретін фабрика іске қосылады
ашық дереккөзі
Мақтаарал ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі артып келеді. Мәселен, былтыр өндірілген өнімнің жалпы құны 3,2 млрд теңгені құраса, биыл бұл көрсеткіш едәуір артып, 12,5 миллиард теңгеге жеткен. Шетелден тікелей инвестиция тарту бағытында Мақтаарал ауданында биыл жалпы көлемі 6,7 миллиард теңге болатын 2 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде 191 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамту көзделуде. Жобаның бірі – Түркия елімен бірлесіп жүзеге асырылатын жіп шығаратын фабриканың құрылысы. Tulpar Texstill ЖШС-не қарасты өндіріс орны 2020-2021 жылы іске қосылады. Жоба жылына 6 600 тонна жіп өндіре алады және 143 адамды жұмыспен қамтиды. Бұдан өзге, Германия елімен бірлесіп, жеміс-жидектерді және бақша дақылдарын кептіру және жеміс-жидек мармеладтарын өндіру жобасын 2020-2021 жылдары іске асыру жоспарланған.