14 Қазан, 09:07 3564 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Бүгіннен бастап Нұр-сұлтанда карантин шаралары күшіне енді

14 қазаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жанна Пірәлиеваның Қаулысы жарияланды.

Қаулыға сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту бөлімі, мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар, кәсіпкерлік субъектілері келесі талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

меншік нысанына және жұмыс істейтіндердің штаттық санына қарамастан, барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 60% қашықтықтан жұмыс істеуге көшіруі қажет;

бизнес-орталықтардың (адвокаттық, нотариустық, бухгалтерлік, консалтингілік, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктердің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен заттарды өткізу жөніндегі бутиктер (бөлімдердің) санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қызмет етеді. Демалыс күндері оларда орналасқан азық-түлік емес тауарлар мен заттарды сататын бутиктердің (бөлімдердің) жұмысына тыйым салынады;

қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан, ғимараттың ішінде және жазғы алаңда 30-дан аспайтын отыратын орын мен көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және бір үстелге 4-6 адамнан аспайтындай етіп отырғызып, күшейтілген санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесі жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін белгіленеді. Осы қаулыда белгіленген уақыт өткеннен кейін келушілердің тамақтану залында болуына тыйым салынады.

Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады;

бассейндерді іске қоса отырып моншалардың, сауналардың (бір келушіге 4м2 есебімен, бір мезгілде келушілердің саны нысан сыйымдылығының 30%-нан аспауы қажет) қызметі күшейтілген санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін және демалыс күндері сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) белгіленді. Қаулы талаптарының сақталуына бақылауды Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүзеге асыратын болады.

«Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті... Қаулы 2020 жылғы 14 қазаннаң бастап күшіне енеді», – делінген Ж.Пірәлиеваның қаулысында.

 

 

Соңғы жаңалықтар