13 Қазан, 19:08 487 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Ақтауда итбалықты таспен ұрғандарға қатысты іс тоқтады

Маңғыстаулық полицейлер итбалықты ұрғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеуді тоқтатты.

Маңғыстау облысының полиция департаментінің мәліметінше, қылмыс құрамы болмауынан өкілетті орган осындай шешімге келіп отыр.

«Итбалықты таяқпен ұрғандарға қатысты қозғалған тергеу ҚР қылмыстық-процессуалдық Кодекстің 35-ші бабының 1-ші бөліміне сәйкес тоқтатылды. Теңіз жануарына жәбір көрсеткендер келтірген дәйек есепке алынып, қылмыс құрамының болмауына орай сотқа дейін жүргізілген іс жабылды», – деді Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі басшысының м.а. Әйгерім Ибадуллаева.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айында Құрық елдімекенінде жағалауға жақын жүзген итбалыққа бірнеше адам тас лақтырып, таяқпен сабап тастаған еді. Теңіз жануарын ұрғандардың арасында балалар да болды. Әуесқой түсірілім көп ұзамай әлеуметтік желіде жарияланды. Оны зерттеген тәртіп сақшылары төрт күдіктіні ұстады. Олар өзіне шабуыл жасауы мүмкін деген оймен итбалықты теңізге қуып тастағандарын айтып ақталған.

 

Соңғы жаңалықтар