13 Қазан, 18:17 4256 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 2 азаматы қаза тапты

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.

«2020 жылғы 12 қазанда Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық қаза тапты. Жергілікті полицияның дипломаттарымызға берген алдын ала ақпаратына сәйкес, жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан алған жарақаттан қаза болған. Бұл жағдайлар бойынша тергеу жұмыстары басталды. Отандастарымыз Кореяда заңсыз жүргенін атап өту қажет», – деді ол.

Ресми өкілдің атап өтуінше, марқұмдардың туыстарымен байланыс орнатылған.

«Елшіліктің консулдық бөлімі барлық қажетті құжаттарды рәсімдеп, азаматтарымыздың мүрделелерін елге жеткізу бойынша тиісті шараларды қабылдауда», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар