Григорий Марченко жаңа қызметке тағайындалды

Григорий Марченко жаңа қызметке тағайындалды

Григорий Марченко жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
163
Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының кеңесшісі қызметіне Григорий Марченко тағайындалды, – деп хабарлады Қаржы институтының баспасөз қызметі Григорий Марченко 1959 жылдың 26 желтоқсанында Алматы қаласында дүниеге келген. Ол 1999-2004 және 2009-2013 жылдары Қазақстанның Ұлттық банкін басқарған. Ал 2005-2009 жылдары аралығында «Қазақстанның халықтық жинақ банкі» АҚ-ның басқарма төрағасы болған. Әр жылдары ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі және көмекшісі, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымдарында қызмет еткен. 2013 жылдан бері тәуелсіз сарапшы. Григорий Марченко «Парасат», «Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», Испанияның Orden del Mérito Civil «Азаматтық еңбегі үшін» ордендерімен марапатталған. Сонымен қатар ол Испания корольдігінің Алматы қаласы мен Алматы облысындағы құрметті консулы.

Серіктес жаңалықтары