Аяғы ұзын америкалық бойжеткен Гиннес рекордтар кітабын жаңартты

Аяғы ұзын америкалық бойжеткен Гиннес рекордтар кітабын жаңартты

Аяғы ұзын америкалық бойжеткен Гиннес рекордтар кітабын жаңартты
ашық дереккөзі
50326
АҚШ-тың Техас штатына қарасты Сидар парк қалашығының тұрғыны Мэйси Каррин Гиннес рекордтар кітабын жаңартты,- деп хабарлайды CNN агенттігі.  width= 17 жасар Мэйси Гиннес рекордтар кітабын екі мәрте жаңартты, ол – әлем бойынша аяғы ең ұзын бойжеткен және дүниежүзі әйелдері арасында да аяғы ұзын саналады. Мейсидің бойы – 208 см. Бір қызығы, бойжеткеннің екі аяғының ұзындығы екі түрлі, оң аяғы – 134,3 см, ал сол аяғының ұзындығы – 135,3 см.  width= Әлеуметтік желіде белсенді бойжеткен қазіргі таңда TikTok-тағы 1.7 миллион және Instagram желісіндегі 50,000 жазылушыларына өз бойының ыңғайсыздық тудырмайтынын айтып, бұған қатысты өз ойымен бөліседі. Мысалы, оның TikTok-қа жүктеген бір видеосы 66 миллионнан астам қаралым жинаған. «Бойы ұзын әйелдердің барлығы мұның бізге берілген сый екенін түсінеді деп сенемін. Сонымен қатар бойыңның ұзын болғанына еш ұялмауың керек. Барды бар күйінде қабылдай білу керек», - дейді бойжеткен.

Серіктес жаңалықтары