«Қандастар форумы» өтеді

/
«Қандастар форумы» өтеді
ашық дереккөзі
«Қандастар форумы» өтеді «Отандастар қоры» әлемдік пандемия кезінде шетелде тұратын этникалық қазақтармен байланысты одан әрі нығайту мақсатында 2020 жылғы 12 қазанда сағат 15:00-де Ресейде тұратын қандастарымыздың қатысуымен «Қандастар форумы» атты онлайн видеоконференция ұйымдастырады. Негізгі қарастырылатын сұрақтар:
  • Әлемдік пандемия кезіндегі Ресейде тұратын қандастардың ахуалы және экономикалық мүмкіндіктері;
  • Отандастар қоры және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Ресейдегі қандастармен бірлесе атқарған жобалары;
  • ҚР шетелден келген кәсіпкерлерді инвестициялық қолдау шаралары.
Іс-шара Zoom платфомасында өтеді. Осыған байланысты Ресейде тұратын барша қандастарды осы шараға қатысуға шақырамыз! Іс шараға қатысуға алдын ала жазылу үшін 1404 байланыс орталығына немесе +77056647211 (Жандос Қонысбек) хабарласыңыздар.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары