«Nur Otan» партиясы Құқықтық кеңесінің жаңа төрағасы тағайындалды

«Nur Otan» партиясы Құқықтық кеңесінің жаңа төрағасы тағайындалды
«Nur Otan» фракциясының депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин Саяси кеңес Бюросының шешімімен партияның Құқықтық кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.
Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Сенат Төрағасының орынбасары болып сайланған Құқықтық кеңестің алдыңғы төрағасы Нұрлан Әбдіровке партия басшылығы атынан алғыс айтамын», – деп жазды Б.Байбек.