Биылғы Нобель сыйлығы аукцион теориясын жасаған экономистерге бұйырды

Биылғы Нобель сыйлығы аукцион теориясын жасаған экономистерге бұйырды

Биылғы Нобель сыйлығы аукцион теориясын жасаған экономистерге бұйырды
ашық дереккөзі
208
Швед академиясы 2020 жылы экономика саласында Нобель сыйлығын иеленген ғалымдардың есімін атады. ҚазАқпараттың BBC агенттігіне сілтеме жасап жазуынша, премия аукцион теориясын жасаған америкалық экономистер Пол Милгром мен Роберт Уилсонға беріледі. 72 жастағы Милгром мен 83 жастағы Уилсон биылғы сыйлыққа негізгі үміткерлердің бірі саналған еді. Нобель комитеті бұл марапат «аукцион теориясын толықтырып жасап шығарғаны үшін» беріліп отырғанын хабарлады. Бұл теория адамдардың аукцион типіндегі нарықта өзін қалай ұстайтынын, қалай әрекет ететінін сипаттайды. Ғалымдардың бұл еңбегін өмірдің басқа да жағдайларында қолдануға болады. «Аукционның жаңа форматы – қарапайым зерттеудің кейіннен қоғамға пайдасын тигізетін қаншама өнертабыстарға негіз бола алатынын көрсететін тамаша үлгі» делінген Швед академиясы таратқан хабарламада. Былтыр бұл сыйлықты Гарвардтан Майкл Кремер және Массачусетс технология иснтитутынан ерлі-зайыпты Эстер Дюфло мен Абхиджит Банерджи жеңіп алған болатын. Олар кедейлікпен күресте тиімді әдіс ойлап тапқан еді.

Серіктес жаңалықтары