COVID-19: Қытайдың Циндао қаласының 9 млн тұрғыны жаппай тестілеуден өтеді

COVID-19: Қытайдың Циндао қаласының 9 млн тұрғыны жаппай тестілеуден өтеді

COVID-19: Қытайдың Циндао қаласының 9 млн тұрғыны жаппай тестілеуден өтеді
ашық дереккөзі
292
Қытайдың Циндао қаласының 9 миллион тұрғыны жаппай коронавирусқа тест тапсырады. Қалада індет жұқтырған 12 адам анықталғаннан кейін шаһар басшылығы осындай шешім қабылдады. Жергілікті дәрігерлердің сөзінше, вирусты қалаға шетелдіктер алып келген. Ресми мәлімет бойынша осы айдың басында болған мейрам күндері Циндао қаласына 4,5 миллион турист келген. Мамандар алдымен симптомы жоқ 3 науқасты анықтаған. Кейіннен олармен қарым-қатынаста болған 377 адамды тексеру барысында індетке шалдыққан тағы 9 адам табылды. Індеттің қайта таралуына байланысты жергілікті билік Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің халықаралық сауда-инвестициялық жәрмеңкесін кейінге қалдырды. Ол Циндао қаласында 16-18 қазан аралығында өтуге тиіс-тін. Еске сала кетейік, Қытайдың Ухань қаласы – коронавирустың ең алғашқы ошағы. Бұл қалада індет жұқтырудың алғашқы дерегі өткен жылдың желтоқсанында тіркелген болатын. 2020 жылдың 11 наурызында Дүниежүзілік денсаулық ұйымы коронавирустың таралуын пандемия деп жариялады. Індет таралғалы Қытайда 91 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды. Ал әлемде қатерлі індетке шалдыққандар саны 37,6 миллионнан асты.  

Серіктес жаңалықтары