315
Бішкекте қайтадан төтенше жағдай режимі жарияланды
Бішкекте қайтадан төтенше жағдай режимі жарияланды
Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков ел астанасында төтенше жағдай режимін енгізу туралы екінші жарлыққа қол қойды.
Sputnik Қырғызстан-ның хабарлауынша, Жогорку Кенеш бұған дейін енгізілген төтенше жағдай режимі туралы мәселені үш күн ішінде қарамағандықтан, Жээнбеков екінші жарлық шығаруға мәжбүр болған.
«Жаппай тәртіпсіздіктер нәтижесінде туындаған зорлық-зомбылықпен және адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірумен ұштасатын қалыптасқан жағдайға байланысты, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Конституциясының 15-бабына, 64-бабы 9-бөлігінің 2-тармағына және «Төтенше жағдай туралы» Қырғыз Республикасы Конституциялық Заңының 3, 4, 7, 8-баптарына сәйкес азаматтардың өмірі мен денсаулығын, олардың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету мүддесінде, бұдан бөлек, Бішкек қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында: Қырғыз Республикасы Бішкек қаласының аумағында 2020 жылғы 12 қазанда сағат 20.00-ден 2020 жылғы 19 қазанда сағат 07.00-ге дейін төтенше жағдай енгізіледі» делінген құжатта.
Ішкі істер министрінің орынбасары Алмазбек Орозалиев комендант болып қалды. Төтенше жағдай режимінің талаптары да өзгермеген.
Бұған дейін Орозалиев төтенше жағдай режимі бойынша комендатура бұйрығын шығарған еді. Оған сәйкес, қалада 10 қазаннан бастап коменданттық сағат енгізілді, ол әр күн сайын 21.00-ден 05.00-ге дейін күшінде болады.