Ел азаматтары «Nur Otan»-ға қашықтан жүгіне алады

Ел азаматтары «Nur Otan»-ға қашықтан жүгіне алады

Ел азаматтары «Nur Otan»-ға қашықтан жүгіне алады
ашық дереккөзі
375
«Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі мемлекеттік орган басшылары мен Парламент депутаттарының азаматтарды жеке қабылдауын қайта қолға алады. Пандемия жағдайына байланысты халықпен кездесулер қашықтан өтеді. «Nur Otan» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Сақтаған Сәдуақасовтың айтуынша, енді азаматтарға өз сауалдарын жолдау оңайырақ болады. Бұрын олар партия филиалына арнайы келулері қажет болса, енді смартфонға немесе компьютерге Zoom қосымшасын орнату жеткілікті. «Бұл – өте қарапайым әрі ыңғайлы әдіс. Өйткені енді сіз үйден шықпай-ақ қандай да бір басшылармен, депутаттармен сөйлесіп, өзекті мәселелерге назарын аударуға болады. Партия үшін азаматтардың денсаулығы – негізгі басымдық, сондықтан онлайн формат COVID-19 індетін таратпауға байланысты санитарлық сақтық ережелерін сақтауға  жақсы көмектеседі», -деді Сақтаған Сәдуақасов. Сонымен, 2020 жылдың қазан айында мына азаматтар қабылдау өткізеді:
  • 13 қазан – Парламент Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі – Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский;
  • 14 қазан – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов;
  • 15 қазан – Парламент Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі – Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Татьяна Яковлева;
  • 16 қазан – ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді;
  • 20 қазан – Парламент Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі – Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Зәуреш Аманжолова;
  • 22 қазан – Парламент Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі – Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Нұржан Әлтаев;
  • 23 қазан – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Ернар Оразбаев;
  • 27 қазан – Парламент Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі – Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ирина Аронова;
  • 28 қазан – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов;
  • 29 қазан-Парламент Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі – Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Зағипа Балиева;
  • 30 қазан – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.
Қабылдауға жазылу үшін 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) телефонына хабарласуға немесе komek@nurotan.kz электрондық поштасына «Азаматтарды қабылдау» белгісін қою арқылы жазылуға болады.

Серіктес жаңалықтары