232
Тайландта пойыз бен автобус соқтығысып, 20 адам көз жұмды
Тайландта пойыз бен автобус соқтығысып, 20 адам көз жұмды
Тайландта теміржол өткелінде пойыз бен автобустың соқтығысты. Апат салдарынан 20 адам мерт болды. Тағы 30-дан астам адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды ТАСС.
Чачоенгсао табиғи апаттардың алдын алу және азайту жөніндегі басқармасының дерегінше, 60-қа жуық адамы бар автобус Самутпракан провинциясынан Чачоенгсао ғибадатханаларының біріне бара жатқан.
Төтенше жағдай жергілікті уақыт бойынша 08:00-де шлагбаумдарсыз реттелетін теміржол өткелдерінің бірінде болды. Автобус жүргізушісі жұмыс істеп тұрған семафорға қарамастан, пойыздың алдынан өтіп кетпек болған. Апат салдарынан 20 адам көз жұмып, 30-дан аса жолаушы жарақаттанды.