COVID-19: Әлемде тағы да антирекорд тіркелді

COVID-19: Әлемде тағы да антирекорд тіркелді

COVID-19: Әлемде тағы да антирекорд тіркелді
ашық дереккөзі
242
Өткен тәулікте әлемде 383 359 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Сондай-ақ, бір күн ішінде індеттен 8 575 адам көз жұмған. Бұл деректер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтында жарияланды. Ұйымның хабарлауынша, бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш. Бұған дейінгі антирекорд бір күн бұрын тіркелген: 350 766 жағдай. Ал Джонс Хопкинс университетінің дерегіне сүйенсек, әлемде індет жұқтырғандар саны 37,2 миллионнан асып жығылды. Пандемия басталғалы індеттен 1 072 871 адам көз жұмды. Коронавирусқа шалдыққандар саны жөнінен АҚШ көшбасшылығын сақтап келеді. Онда 7,7 миллионнан астам адам індет жұқтырған. Ал әлем бойынша екінші орында тұрған Үндістанда бүгінгі күнге дейін 6,9 млн адамнан қатерлі вирус анықталған. 5 миллионнан астам тұрғыны індетке шалдыққан Бразилия үшінші орында. Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейде бір тәулік ішінде 13 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталғанын хабарлағанбыз.

Серіктес жаңалықтары