COVID-19: Ресейде бір тәулікте 13 мыңға жуық адамнан індет анықталды

COVID-19: Ресейде бір тәулікте 13 мыңға жуық адамнан індет анықталды

COVID-19: Ресейде бір тәулікте 13 мыңға жуық адамнан індет анықталды
ашық дереккөзі
222
Ресейде бір тәулік ішінде 12 846 адам коронавирус жұқтырған. Бұл індет тарағалы бері тіркеліп отырған ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды ТАСС.  Соңғы екі күнде елде індетке шалдыққандар саны күрт артты. Жұма күні штаб өкілдері 12126 адамның қауіпті вирусты жұқтырғанын хабарлаған еді. Салыстырмалы түрде алғанда өсім 1% деңгейінде. Вирустың таралу көрсеткіші Шешен Республикасы, Чуваш Республикасы, Мәскеу, Тула облыстары мен Тыва, Татарстан, Башқұртстан мен Чукоткада елдің өзге өңірлерінен біршама төмен. Елдегі індеттің таралуымен күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандардың тең жартысы 10 өңірге тиесілі болып отыр. Вирус жұқтырудың жаңа 4105 жағдайы  Мәскеуде анықталған, 501 жағдай Санкт-Петербургте (бұл көрсеткіш 16 мамырдан бері алғаш рет тіркеліп отыр), 416 Мәскеу облысында, 269 жағдай Ростов облысында, 257 жағдай Нижегородск облысында (соңғы рет мұндай көрсеткіш 11 маусымда тіркелген) тіркелді. Пандемия басталғалы Ресейде 1,3 миллионға жуық адамнан қатерлі вирус анықталды. Індет жұқтырғандардың 22 мыңнан астамы көз жұмды. Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 94 адамнан коронавирус анықталып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 108 757-ге жетті. 104 мыңға жуық адам емделіп шықты. Дерті асқынған 1746 адам көз жұмды.  

Серіктес жаңалықтары