216
Елордада жасырын жұмыс істеген массаж салоны анықталды
Елордада жасырын жұмыс істеген массаж салоны анықталды
«Учаске» жедел-іздестіру шаралары барысында түнде, елордадағы Темірқазық көшесінде орналасқан коттеджде массаж салонының жұмыс істеп тұрғаны анықталды.
Салондағы бойжеткендердің қызметі массажбен шектелмеген, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті.
«Полиция қызметкерлері ол жердегі бойжеткендердің массаж қызметін ғана емес, белгілі бір сомаға интимді қызмет те көрсететінін анықтады. Салон иесі, 26 жастағы бойжеткен екен. Ол жезөкшелікпен айналысуға нысанын бергені үшін Әкімшілік кодекстің 450-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды», - дейді полициядағылар.
Сонымен қатар коттедж иесі бас санитарлық дәрігердің карантин режимі кезіндегі шектеу шараларының нормаларын сақтамағаны белгілі болды.
«Карантин режимін бұзған азаматтардың бәрі де заңға сәйкес әкімшілік жауапқа тартылды. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті коронавирус инфекциясыны таралуына жол бермеу үшін карантин режимінің сақталуы керектігін ескертеді», - делінген хабарламада.