173
COVID-19: Африка елдерінің экономикасын қалпына келтіру үшін 1,2 трлн АҚШ доллары қажет
COVID-19: Африка елдерінің экономикасын қалпына келтіру үшін 1,2 трлн АҚШ доллары қажет
COVID-19 пандемиясының дүниежүзіне келтірген зардап-залалы шаш етектен. 2023 жылдың соңына дейін Африка елдерінің экономикасын қалпына келтіру үшін 1,2 триллион АҚШ доллары қажет. Бұл туралы сенбіде Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басқарушы директоры Кристалина Георгиева мәлімдеді, – деп жазды ҚазАқпарат News24 жергілікті жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
«Африка келесі кезеңге төтеп беруі үшін оны қолдау керек, оның мәні – қазіргі дағдарыстан шығу», – деп мәлімдеді ХВҚ басқарушы директоры.
Георгиеваның айтуынша, халықаралық институттар мен жекелеген мемлекеттердің Африкаға қаржылай көмек көрсету жөніндегі міндеттемелері қажетті соманың 25%-на да жетпейді.
– ХВҚ бағалауы бойынша биыл Африка мемлекеттерінің жалпы ЖІӨ 2,5%-ға қысқарады. Бұл құрлықтың қазіргі тарихындағы ең нашар құлдырау көрсеткішінің бірі болмақ, – дейді сарапшылар.
Қазіргі уақытта Африкада жаңа коронавирус жұқтырғандардың саны 1 548 867 адамға жетті, олардың 37 388-і қайтыс болды.