5320
Оралда дүкеннен жарты млн теңгенің азық-түлігін ұрлаған әйел ұсталды
Оралда дүкеннен жарты млн теңгенің азық-түлігін ұрлаған әйел ұсталды
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 50 жастағы әйел 5-27 қыркүйек аралығында Д.Қонаев шағын ауданындағы «Универсам» дүкенінен азық-түлік тағамдарын ұрлап отырған. Осылайша ол дүкен иесіне жарты млн теңгенің шығынын келтірген.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.