Қарапайым дзюдо бапкері – праймериз үздігі

Қарапайым дзюдо бапкері – праймериз үздігі

Қарапайым дзюдо бапкері – праймериз үздігі
ашық дереккөзі
389
Түркістан облысында «Nur Otan» праймеризі жоғары деңгейде өтті. Жалпы 1 076 үміткер бақ сынады. Оларға 78 262  партия мүшесінің 72 973-і (93,2%) дауыс берді. Жалпы бұл саяси дода елге жаңа есімдерді таныстырды. Аудан, қалаларда қарапайым еңбек адамдары, жастар да көп дауыс жинап, доданың көркін қыздыра түсті. Солардың бірі – Мұхит Асилов 2 540 дауыс жинап, Сарыағаш ауданы бойынша 1-орынға шықты. Ол ірі кәсіпкер де, мекеме басшысы да емес.  Дзюдодан Сарыағаш ауданының аға жаттықтырушысы. Аудан жастарын спортқа баулуды мақсат тұтқан намысты азамат. Бүгінде білікті бапкердің шәкірттері республикалық, халықаралық сайыстарда жүлде алып жүр. Өзі 2013 жылдан бері «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі. «Партияның бұл праймеризі талай азаматқа қанат бітіргені рас. Мен де осы елдің азаматы ретінде бағымды сынауды жөн көрдім. Маған Сарыағаштың өзекті мәселелері таңсық емес. Үгіт-насихат кезеңінде бір күнді бос өткізбей, барлық шалғай елді мекендерді аралап, елмен кездестім. Мектептерді түгел аралап шықтым. Сайлауалды бағдарламамда бірнеше саланы қамтып, жоспар құрдым. Жастарға, ұстаздарға, мұғалімдерге, жалпы аудан тұрғындарына жан-жақты қолдау көрсетуді көтердім. Алдымен Сарыағаш ауданының, өз ауылымның мұң-мұқтажын билікке жеткізіп, бірге шешсем деймін. Екіншіден, өзімнің негізгі мамандығым – спортқа ерекше басымдық бермекпін. Сарыағаш ауданында халық өте тығыз орналасқан. Бірақ бірде-бір олимпиадалық спорт мектебі жоқ. Бапкерлеріміздің, спортшыларымыздың жағдайын жасауға күш саламын», – дейді ол. Білікті бапкер праймериздің маңызды әрі керек бастама екеніне де тоқталды. «Бұл бір ерекше саяси қадам болды. «Nur Otan» партиясының бастамасы уақытында қолға алынды дер едім. Егер өз өңірінде ел сеніміне ие болсаң, жеңесің, егер дауыс жинамасаң, ешкімге ренжи алмайсың. Сарыағаш жұртшылығына, спорттағы әріптестеріме, ауылдастарға, маған сенім білдірген жерлестеріме рахмет. Сенімді ақтауға уәде беремін», – дейді праймериз үздігі.

Серіктес жаңалықтары