5268
ШОБ субъектілері МӘМС жарнасынан босатылды
ШОБ субъектілері МӘМС жарнасынан босатылды

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев экономиканың ең көп зардап шеккен ШОБ субъектілері МӘМС жарнасынан босатылғанын айтты.
Үкіметтің 2020 жылғы 20 сәуірдегі қаулысына сәйкес, 2020 жылдың 1 қазанына дейін ШОБ субьектілерінің 29 санаты және 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ірі кәсіпкерліктің 10 санаты жарналар мен аударымдардан босатылған болатын.
«ҚР Президентінің 1 қыркүйектегі Жолдауында экономиканың ең көп зардап шеккен салаларында жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерін МӘМС жарналары мен аударымдарынан босату кезеңі жыл соңына дейін ұзартылды», — деді Т.Әбілдаев.
Өз қызметкерлерін сақтандыру үшін жұмыс берушілер олардың деректерін msb.fms.kz сайтында тіркеуі тиіс және ай сайын ақпаратты жаңартып отыру қажет.