9 қазанға ауа райы болжамы – Қазгидромет

/
9 қазанға ауа райы болжамы – Қазгидромет
ашық дереккөзі
9 қазанға ауа райы болжамы – Қазгидромет Қазгидромет 9 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы күтіледі. Тек Қазақстанның шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі, түнде кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Түркістан облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақмола облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының түнде кей жерлерінде түнде 1-5 градус үсік күтіледі.  
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары