Берлинде індет өршіді: қала билігі шектеу шараларын күшейтті

Берлинде індет өршіді: қала билігі шектеу шараларын күшейтті

Берлинде індет өршіді: қала билігі шектеу шараларын күшейтті
ашық дереккөзі
282
Германияда бір тәулік ішінде 3 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, соңғы рет мұндай көрсеткіш сәуір айының соңында тіркелген. Індеттен мемлекеттің оңтүстігі көбірек зардап шекті. Алайда, соңғы уақытта ел астанасында да вирустың таралу қарқыны артты. Берлиндегі төрт ауданда науқастар саны қауіпті коэффициенттен асып кеткен. Сондықтан қалалық Сенат жаңа шектеулер енгізуге мәжбүр болды. 10 қазаннан бастап қалада дәмханалар мен мейрамханлар тек кешкі сағат он бірге дейін жұмыс істейтін болды. Бұл ережені бұзғандарға 5 мың еуро айыппұл салынады. Қоғамдық көлікте де бақылау күшейтілді. Бетперде тақпаған жолаушылар айыппұл арқалайды. Шектеулер 31 қазанға дейін созылмақ. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, пандемия басталғалы Германияда 311 513 адам коронавирус жұқтырған. Елде індеттен 9,5 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары