Колледж мұғалімдеріне біліктілік санаттары үшін үстемақы төленеді – министр

Колледж мұғалімдеріне біліктілік санаттары үшін үстемақы төленеді – министр

Колледж мұғалімдеріне біліктілік санаттары үшін үстемақы төленеді – министр
ашық дереккөзі
468
Биылдан бастап колледж оқытушылары біліктілік санаттарын көтеріп, біліктілік санаты берілгеннен кейін лауазымдық жалақысының 30-дан 50%-ке дейін қосымша ақы алатын болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов техникалық және кәсіптік білім берудің 80 жылдығына арналған іс-шара барысында мәлімдеді. Министрдің айтуынша, бұған дейін біліктілік санаттары үшін қосымша төлемдерді тек мектеп мұғалімдері алған болатын.
«Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануымен колледж педагогтері де біліктілік санаты берілгеннен кейін ай сайын қосымша ақы алатын болады. «Мемлекет басшысының қолдауымен 2020 жылдың қаңтар айынан бастап колледж педагогтерінің жалақысы артты. Алдағы жылдары да арта түспек. Біліктілік санаты үшін педагогтерге қосымша ақы төлеу мәселесі көп жылдар бойы көтерілген болатын. Егер мектептерде мұғалімдер біліктілік санаттары үшін қосымша ақы алса, колледждерде мұндай үрдіс болған жоқ. Енді колледж педагогтері де ай сайын лауазымдық жалақысының 30-дан 50%-ке дейін қосымша ақы алатын болады. Өз кезегінде колледж директорлары мен директор орынбасарларының атқарған жұмысының тиімділігіне байланысты өз жалақысының 100% дейін қосымша ақы алу мүмкіндігі бар. Бұл әріптестеріміздің жұмысқа деген ынта-жігерлері мен жұмыстың тиімділігін арттыра түспек», – деп атап өтті министр.
Колледждерді сұранысқа ие 100 мамандық бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу мақсатында «Жас маман» республикалық жобасы іске асырылып жатқаны белгілі. Министрдің айтуынша, аталған бағдарлама шеңберінде қазақстандық колледждерге техникалық құрал-жабдықтар сатып алып қана қоймай, білім беру бағдарламаларын да жаңарту жоспарланған.
«Жас маман» бағдарламасы Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан теңдессіз бағдарлама екенін айта кеткен жөн. Бағдарлама еліміздің 180 колледжінде жүзеге асырыла бастады. Осы ретте тек техникалық құрал-жабдық сатып алу ғана емес, сонымен қатар білім беру бағдарламаларын жаңарту да жоспарланған», – деді ведомство басшысы.
Министр өз сөзінде ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары тобының бастамасымен ТжКББ жүйесін дамыту үшін нормалар енгізілген заң жобасы қаралып жатқанына тоқталып өтті. Атап айтсақ, мамандарды даярлау барысында еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің сұраныстарын ескеру үшін колледждерге академиялық еркіндік беру бойынша.
«Ақша студентпен бірге жүреді» принципі бойынша қабылдау тетігін енгізу колледждің бәсекеге қабілеттілігін және колледждер арасындағы бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді. Егер қазір өңірлік білім басқармалары конкурс өткізіп, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледждерге қанша орын берілетінін анықтаса, болашақта бұл шешімді студенттердің өздері қабылдайтын болады. Студенттер қай колледждің бәсекеге қабілетті және жақсы білім беретінін өздері таңдайды», – деді Білім және ғылым министрі.
Еліміздегі колледждердің үздік педагогтеріне қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағымен сауықтыруға арналған 17 жолдама берілгенін де айта кеткен жөн.

Серіктес жаңалықтары