Коронавирустың аса қауіпті симптомы анықталды

Коронавирустың аса қауіпті симптомы анықталды

Коронавирустың аса қауіпті симптомы анықталды
ашық дереккөзі
249
АҚШ ғалымдары коронавирус індетінің жаңа қауіпті симптомын анықтады, деп хабарлайды MedicalXpress.  Зерттеу қорытындысы бойынша 10 адамның 8-інен неврологиялық ауытқулар, атап айтқанда энцефалопатия анықталған. Энцефалопатия – тіндердің өзгеруі арқылы ми функцияларының бұзылуына соқтыруы мүмкін мидың ауруы. Ғалымдардың сөзінше, бұл дерт коронавирустың ең ауыр неврологиялық көрінісі. Бұдан бөлек, коронавирусқа шалдыққандардан неврологиялық ауытқудың басқа белгілері де байқалды – бас ауруы мен бұлшықет ауруы, бас айналу. Мамандар қатерлі вирусты жұқтырған 500-ге жуық адамның деректерін зерттеп, олардың 45%-інде бұлшықет ауруы, науқастардың 1/3 бөлігінде энцефалопатия және бас айналуы байқалғанын анықтады.Энцефалопатияға шалдыққан науқастар арасындағы өлім-жітім (22%) коронавирустың қарапайым түрімен ауыратындарға (3%) қарағанда жоғары болған. Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ ғалымдары коронавирусқа қарсы дәрінің өлімге әкеліп соғатын қаупін анықтаған. Чикагодағы Иллинойс университетінің ғалымдары коронавирустың асқынуы кезінде қолданылатын азитромицин препаратының денсаулыққа залалы бар деген тоқтамға келді. Бұл дәрі өзге кейбір өзге дәрілермен қатар қабылданған жағдайда жүрек талмасын тудыруы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары