437
Сәбит Досанов: «Абай аманаты» – адастырмайтын ақ жұлдыз
Сәбит Досанов: «Абай аманаты» – адастырмайтын ақ жұлдыз
– Елбасы Н.Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласы көлемімен ғана емес, өзінің көтерген жүгімен де салмақты. Мақаланың «Абай аманаты» деп аты да дұрыс қойылған, өйткені мақалада айтылған сөздер болашаққа арналған аманат. Елбасының «Абай аманаты» мақаласы мен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы бірімен-бірі үндесіп тұр. Елбасының бұрын жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы әлі елдің есінде. Елбасының «Абай аманаты» да бағдарламалық мақала, жастар бағдарлама ретінде қабылдаса адаспаймыз. Өйткені бұл бағдарлама болуға лайықты мақала, адастырмайтын ақ жұлдыз. Халық арасына кеңінен насихатталуы керек мақала. Маған осы мақаланы жеке кітапша етіп шығарса болады екен ғой деген жақсы ой келіп тұр. Жоғарыда атаған Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры», «Абай аманаты» мақаласы мен Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты үш мақаланы біріктіріп те кітап етіп шығарса болар еді. Абайдың айтар ойы осылай кітапша түрінде насихатталса, адамдар бір-біріне сыйға тартса қандай керемет. Өйткені аты мақала болғанымен, үш мақаланың әрқайсысы бір-бір монографияның жүгін көтеріп тұрған еңбектер. Осы үш мақала халыққа бағдаршам болса, біз адаспаймыз. Қазақ Абайдың жолымен жүрсе адаспайды, Абайдың айтқанын істесек біз мақсатымызға жетеміз, мемлекет те гүлденеді.