265
Қабатовтың көлігімен кісі қаққан кім – әзілкеш оқиғаның анық-қанығын айтты (видео)
Қабатовтың көлігімен кісі қаққан кім – әзілкеш оқиғаның анық-қанығын айтты (видео)
БАҚ-та Тұрсынбек Қабатовтың көлігімен кісі қағып кетті деген ақпарат тарауына байланысты белгілі әзілкеш Instagram парақшасында видео жариялап, оқиғаның анық-қанығын айтып берді.
"Түрлі парақшаларда Тұрсынбек Қабатовтың көлігі адам қағып кетіпті деген ақпарат тарап жатыр. Cондықтан өзім түсіндіруді жөн көріп отырмын. Үндемей отыра алмадым. Мен бұл оқиғаның басы-қасында болған емеспін. Бұл бір жыл бұрын, қазан айында болған оқиға", - деді Қабатов,
Кейбір ақпарат беттерінде рөлде Тұрсынбектің жүргізушісі болды деген мәлімет шықты. Алайда Қабатов жүргізушісі жоқ екенін айтты.
"Көмекшім, музыкантым кешке келіп, менен көлік сұрады. Ойымда ештеңе жоқ, кілтті бере салдым, арты бұлай болатынын білген жоқпын. Оның бұрын көлік жүргізуші куәлігін көргенмін. Сол уақытта құжатынан айырылып қалғанын білмейді екенмін. Ол да айтқан жоқ. Өзінің де көлігі бар еді", - дейді әзілкеш.
Артынан Қабатов көмекшісі Қарағанды тасжолында адам қағып кеткенін естіген.
"Төбемнен жай түскендей болды. Оңай болған жоқ. Сұрастыра келе, марқұм өзі кінәлі екен. Кішкене ішкені бар, жолға жүгіріп шыққан дейді. Қазір марқұмның артынан ештеңе айтқым келіп тұрған жоқ. Куәгерлер бар. Содан әлгі жігітке "қолыңмен істегенді мойныңмен көтер, мен араласпаймын" деп айттым", - деді Қабатов.
Ол ақша беріп, істі шешпегенін жеткізді.
"Сол жерде болмасам да, "көлік сенікі ғой" деп кінә тағып жатқандар болса, кешірім сұраймын. Бірақ көліктің ішінде болған емеспін. Сіздерге айтарым осы", – деді Тұрсынбек Қабатов.
Бұған дейін БАҚ-та осы оқиға салдарынан ұлынан айырылған ана істің әділ жүргізілмегенін айтқан болатын.
https://www.instagram.com/p/CGDf54sBJO6/