Елімізде тұңғыш рет теннистен әлемдік турнир өтеді

Елімізде тұңғыш рет теннистен әлемдік турнир өтеді

Елімізде тұңғыш рет теннистен әлемдік турнир өтеді
ашық дереккөзі
5352
Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының «Astana Open» ATP 250 турнирі өтеді. Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, әлемдік деңгейдегі жарыстың жүлде қоры – 275 мың АҚШ доллары. 25 қазан – 1 қараша аралығында өтетін додаға рейтингте үздік жүздікке кіретін 60-тан астам теннисші қатыспақшы. Солардың ішінде франциялықтар Бенуа Пер (26) мен Адриан Маннарино (39), аустралиялық Джон Миллман (43) және басқалар елордаға келетінін растап отыр. Сондай-ақ Қазақстаннан әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик, Михаил Кукушкин (88), Дмитрий Попко (171) сынды еліміздің беткеұстарлары бақ сынамақшы. Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов турнирдің жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақтала отырып, ойындар көрермендердің қатысуынсыз, қатаң хаттама аясында өтеді.  

Серіктес жаңалықтары