Праймеризге қатысушылар марапатталды

Праймеризге қатысушылар марапатталды

Праймеризге қатысушылар марапатталды
ашық дереккөзі
228

«Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Әбілқайыр Сқақов партияішілік іріктеудің 3қатысушысына алғыс хаттар табыс етті. Ол праймериз жеңімпаздары бірден өз бастамаларын жүзеге асыруға кіріседі деген үмітін білдірді.

Кездесу партияның аймақтық филиалының кеңсесінде өтті. Әбілқайыр Сқақов партия ішіндегі дауыс берудің аяқталуымен құттықтап, партия мүшелерін өздерінің сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыруға бірден кірісуге шақырды.  width= Сіздер көтеріп отырған барлық мәселелер өзгеріссіз қалмайтынына және оларды шешу жолдарын бірге табатынымызға сенімдімін. Сіздердің бастамаларыңыз біз жүзеге асыратын бір құжатқа кіреді деп ойлаймын, – деді Әбілқайыр Сқақов. Павлодар облысы бойынша праймеризге қатысуға барлығы 612 кандидат өтінім берді, олардың 59-ы кейіннен түрлі себептермен қатысудан бас тартты. Нәтижесінде партияішілік іріктеуге 553 үміткер қатысты, олардың үштен біріжас буын өкілдері. Үгіт-насихат науқаны кезінде кандидаттар аймақ тұрғындарымен 700-ден астам кездесу өткізіп, 89 пікірсайысқа қатысты.  width= – Праймериз жастар үшін өз бастамалары туралы хабарлаудың бірегей мүмкіндігі болды, – деп атап өтті Торайғыров университеттің «Биология және экология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ирина Чидунчи. Праймеризге дауыс беру 1-4 қазан аралығында өтті. Павлодар облысы бойынша оған «Nur Otan» партиясының 38 960 мүшесі қатысты. Олардың 80 пайыздан астамы онлайн дауыс берді.

Серіктес жаңалықтары