Халықаралық ІТ университетінің бұрынғы ректоры 8 жылға сотталды

Халықаралық ІТ университетінің бұрынғы ректоры 8 жылға сотталды

Халықаралық ІТ университетінің бұрынғы ректоры 8 жылға сотталды
ашық дереккөзі
234
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков сотталды. №2 Бостандық аудандық соты университеттің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков пен бұрынғы есепші Жанайым Спабекованы бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Судья сотталушылардың әрқайсысын 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, екеуінің де мүлкі тәркіленетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мемлекеттік айыптаушы ректор мен бұрынғы есепшісі Жанайым Спабекованы 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Айта кетейік, оқу орнының бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков былтыр маусым айында қамалған болатын. Сотталушы Д. Шыныбеков пен Ж.Спабековаға Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-бөлімі 4- тармағымен 1,7 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды. Бас есепші Жанайым Спабекова 2013-2018 жылдар аралығында 414 млн 790 мың теңгені жымқырғанын мойындады. 2017 жылы 128,2 млн теңге алған. Оның айтуынша, бұл ақшаға Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданынан бір пәтер сатып алған. Алматыда «Арай» тұрғын үйінен паркингі бар 3 пәтер және Nissan Qashqai, Toyota Hilux көліктерін сатып алған. Қостанай облысында «Айгүл балабақшасы» ЖШС, «Торғай көпсалалы колледжi», «Торғай жылыжайы» және «Аралбай қағазы» компанияларын сатып алған. Қостанай облысы Торғай ауылында 3 үй, 1 жер учаскесін алған. Компаниялар мен жылжымайтын мүліктер бауыры мен баласының атына жазылған. Бірақ екеуі де бұл дүние-мүлік қандай ақшаға келгенін айта алмады. Университет басшылығына Дамир Шыныбеков 2009 жылы келген. 2017 жылы ол Алматы қалалық мәслихат депутаты болып тағайындалды.  

Серіктес жаңалықтары