Алматыда екінші модульді инфекциялық аурухананың құрылысы аяқталды

Алматыда екінші модульді инфекциялық аурухананың құрылысы аяқталды

Алматыда екінші модульді инфекциялық аурухананың құрылысы аяқталды
ашық дереккөзі
201
Алматыда 300 төсек-орынға арналған екінші модульді инфекциялық аурухананың құрылысы аяқталды. Аурухананың құрылысы 1 тамызда басталып, 1 қазанда аяқталды. Ол «Aport» сауда ойын-сауық орталығының жанында орналасқан және қалалық клиникалық инфекциялық балалар ауруханасының филиалы саналады. Госпиталь 12 блоктан тұрады, оның ішінде 8 палаталық бөлім бар. Онда 300 төсек-орын және 30 реанимация палатасы бар. Барлық төсектер медициналық газбен және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Аурухана заманауи КТ, рентген, ультрадыбыстық аппараттармен жабдықталған, сондай-ақ коронавирусқа арналған ПТР диагностикасын қосқанда зерттеудің барлық түрлері жүргізілетін өз зертханасы бар. «Әр блок жеке жұмыс істейді. Адамдар палатада оқшаулана алады. Соған барынша мүмкіндік жасалған. Палата 2-3 адамға арналған. Жуынатын бөлме,кір жуатын орын мен асхана бөлек. Алдынғы модульді ауруханаларда бұлар қарастырылмаған. Сонымен қатар, ауруханада оттегі станциясы бар», - дейді Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин.  width= Сонымен қатар, ол ауаны тазарту, ағынды суларды, оның ішінде жаңбыр суларын залалсыздандыру, медициналық қалдықтарды жою жүйелері барлық экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүзеге асатынын айтты. «Жаңбыр суына дейінгі барлық қалдық су үш бөліктен тұратын арнайы құрылымға жиналады. Онда ол дезинфекцияланады, содан кейін ғана ол жалпы қалалық канализацияға жіберіледі. Бізде медициналық қалдықтарды жоятын бөлім де бар. Олар «В» сыныбынан «А» сыныбына ауысады. Қолданылған заттар 140 градус ыстықта залалсыздадырылып, ұсақталып барып қоқыс контейнеріне тасталады «, - деп қосты дәрігер.  width= Клиникада пациентті қажетті тексеруден өткізуге мүмкіндік беретін диагностикалық бөлім бар. «Біздің қызметкерлердің тәжірибесі мол. Жұмысқа жаңадан қабылданғандар міндетті түрде екі апталық тәжірибеден өтеді. Мұнда 68 дәрігер, 172 мейірбике және 120 басқа да медициналық қызметкер жұмыс істейді. Оның барлығы қорғаныс костюмімен, маскамен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін қорымыз бар. Біз әртүрлі сценарийлерді әзірледік және кез келген уақытта науқастарға көмек көрсетуді басшылыққа алдық», - дейді Ержан Сералин.  width= Клиниканың екі гектар аумағы абаттандырылды, көгал төселіп, қылқан жапырақты ағаштар отырғызылды. Бұған дейін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Jasyl Almaty» бағдарламасы аясында қосымша көшет отырғызуды тапсырған болатын. Модульдік аурухана науқастарды осы аптадан бастап қабылдайды. Коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда, аурухана коронавирусққа шалдыққан барлық науқастарға көмек көрсетеді.  

Серіктес жаңалықтары