Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды құттықтады
ашық дереккөзі
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшысы әріптесін 68 жасқа толуымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда. Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас Тәжікстан халқының игілігі үшін атқарып келе жатқан жауапты мемлекеттік қызметінде табысқа жете беруіне тілектестік білдірді. Президент Рахмонның екі ел арасындағы дәстүрлі достықты және ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін атап өтіп, жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалог қазақ-тәжік халықтарының стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдетуге септігін тигізе беретініне сенім білдірді.