Министр өз балаларын ұрып-соққан әкенің осы күнге дейін жазаланбау себебін түсіндірді

Министр өз балаларын ұрып-соққан әкенің осы күнге дейін жазаланбау себебін түсіндірді

Министр өз балаларын ұрып-соққан әкенің осы күнге дейін жазаланбау себебін түсіндірді
ашық дереккөзі
295
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев  өз балаларын аяусыз ұрып-соғып келген түркістандық әкенің осы күнге дейін жазаланбау себебін айтты.  «Тұрмыстық жанжал саласына қатысты құқық бұзушылық және қылмыс біржақты болмайды, оның екінші жағы болатындығына назар аударғым келеді. Түркістан облысындағы жағдайға келсек, балалардың анасы бұған дейін де күйеуінің үстінен бірнеше рет шағым түсірген, бірақ арыз жазбаған. Ол оның заңды әйелі, күйеуінен ажырасуға өтініш бермеген. Бұл жерде полицейлердің жұмысын айқындайтын өзіндік заңнамалық тұстар бар. Яғни, біз шағымсыз ол әйелдің жолдасын 3 сағаттан артық қамауда ұстай алмаймыз. Сондай-ақ, себепсіз әкімшілік жауапкершілікке де тарта алмаймыз», - деді министр. Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында үш баласын ұрып-соққан ер адам қамауға алынғанын хабарлағанбыз. Оның тұтқындалуына 4 қазан күні әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында кәмелетке толмаған баланың соққыға жығылып жатқан сәті түсірілген бейнежазбаның анықталуы себеп болды. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеу тізіліміне ҚР ҚК 110-бабы 2-бөлігі «Азаптау» бойынша тіркелді. Сол күні күдіктінің әйелі жұбайының өз балаларын ұрып-соққаны туралы полицияғы арызданған. Полицейлер жергілікті жұмыссыз тұрғынды тез арада ұстады. Істің мән-жайы анықталуда. Жыл басынан бері құқыққорғау органдарына тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бойынша 130 мыңға тарта шағым келіп түскен. Нәтижесінде 2,5 мыңы бойынша қылмыстық іс қозғалды, 30 мыңға жуығы  – әкімшілік іс санатында. Ал қалған жағдайларда жәбірленушілер шағымнан бас тартқандықтан зорлық-зомбылық жасаушылар жазадан құтылып кеткен. Ең сорақысы, биылғы жылдың наурыз-шілде айларында елімізде 33 адам тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан көз жұмған.  

Серіктес жаңалықтары