Kenzo сән үйінің негізін қалаған дизайнер коронавирустан қайтыс болды

Kenzo сән үйінің негізін қалаған дизайнер коронавирустан қайтыс болды

Kenzo сән үйінің негізін қалаған дизайнер коронавирустан қайтыс болды
ашық дереккөзі
267
Аты әлемге әйгілі Kenzo сән үйінің негізін қалаған жапониялық дизайнер Кендзо Такада қайтыс болды. Модельердің ресми өкілі оның коронавирустан көз жұмғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Euronews. 81 жастағы Такада Франция ауруханасында көз жұмды. Ол бұл елге 1965 жылы қоныс аударған. 1970 жылы оның әйелдерге арналған алғашқы киім үлгілері Парижде үлкен қызығушылық тудырды. Кендзоның көрмесіне қатысқан модельдердің бірін ELLE журналы өз мұқабасына орналастырды. Бірінші сәтті көрсетілімнен кейін Кендзоның сән әлеміндегі атағы аспандады. Такада 1993 жылы Kenzo сән үйін LVMH конгломератына сатып, алты жылдан соң сән әлемінен біржола кетті.

Серіктес жаңалықтары