Ертеңнен бастап Алматыда театрлардың жұмысы жанданады

Ертеңнен бастап Алматыда театрлардың жұмысы жанданады

Ертеңнен бастап Алматыда театрлардың жұмысы жанданады
ашық дереккөзі
207
Алматыда театрлардың жұмысына рұқсат берілді. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылған. Қаулыға сәйкес, театрларда отыру орындарының толуы 50% аспауы тиіс. «Мәдени нысандарда әлеуметтік арақашықтық сақталуы міндетті. Сондай-ақ, санитарлық-дезинфекциялық режим, желдету және ауаны баптау жүйелері үздіксіз жұмыс істеп тұруы керек. Оған қоса, ауаны сәулелендіру (кварц) ұсынылады», - делінген Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің коронавирус инфекциясын алдын-алу жөніндегі жаңа қаулысында. Құжат 6 қазанда сағат 00:00-де күшіне енеді. Еске салайық, сондай-ақ Алматыда дәмханалардың, көлік жуу орындарының, көлікке техникалық қызмет көрсету станцияларының, жалпы адаммен байланыссыз жұмыс істейтін нысандардың жұмыс уақыты ұзартылды.  

Серіктес жаңалықтары